Қараша айында бірқатар мемлекет басшылары Қазақстанға келеді

Қараша айында бірқатар мемлекет басшылары Қазақстанға келеді

Қазақстан мен Франция президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді. 1 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Эммануэль Макрон республикамызға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сонымен қатар  қарашаның 2-сінде Мажарстан елінің Премьер-Министрі де Астанаға ресми сапармен келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан барлық салалардағы екіжақты серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Сондай-ақ, алдағы жұмада, 3 қарашада Қазақстан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммиті өтеді. Іс-шараға түркі мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан – басшылары қатысады. Сондай-ақ, жиынға бақылаушы мемлекеттер – Венгрия мен Түрікменстанның басшылары да ат салысады.