Астанада Digital Archive EXPO халықаралық конгресі өтіп жатыр

Астанада Digital Archive EXPO халықаралық конгресі өтіп жатыр

Қазақстан мұрағаттарында жасанды интеллект енгізілмек. Астанада үшінші Халықаралық архившілер конгресінің аясында салаға АІ технологияларын енгізетін жаңа әзірлемелер таныстырылды. Айталық, архив қоймаларын автоматтандыратын AI Geotopography жүйесінің Орталық Азияда баламасы жоқ. AI Archival Recognition System атты енді бір отандық жүйе қолжазба және машинкамен терілген ескі құжаттарды өңдеу жылдамдығын шамамен 40 есеге арттырған. Ұсынылған барлық әзірлемелер саланың нақты қажеттіліктері негізінде жасалып, кезең-кезеңімен қолданысқа ендірілмек. 

Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары:

- Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің осы жылы қабылданған цифрлық стратегиясы бар. Бұл жоспар 2030 жылға дейін бағытталған. Біз цифрландыруды 10 жыл бұрын бастағанбыз. Бүгінгі таңда 31 млн-нан астам архивтік парақтар цифрлық форматқа ауысты. Зерттеушілер тарапынан қызығушылық туғызатын, ең көп сұранысқа ие құжаттардың барлығы, архив тілімен айтқанда, бірінші категориялы құжаттар барлығы цифрлық форматта. 

Қазақстан Президентінің Архиві бастамасымен ұйымдастырылған конгреске әлемнің 30 елінен 500-ден астам IT-сарапшылар мен зерттеушілер, БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің өкілдері келді. Шетелдік қатысушылардың еліміздің¤еліміздің мұрағат ісін сандық жүйеге келтіруі және АІ технологияларды енгізу тәжірибесіне қызығушылығы   жоғары. Қазақстан Президентінің Архиві Ұлыбританияның Ұлттық мұрағатымен және Халықаралық мұрағаттар кеңесімен ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойды. Мұндай әріптестіктер халықаралық стандарттарға, саладағы білім беру бағдарламаларына және әлемдік деңгейдегі кәсіби жобаларға жол ашады. 

Жозе Кирпс, Халықаралық архивтер кеңесінің президенті:

-  Бұл меморандум бізге Қазақстанмен, сондай-ақ Орталық Азияның басқа да елдерімен өзара ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық архивтер кеңесі үшiн бұл өте маңызды қадам, өйткенi Қазақстан және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерi біздің кеңеске қосылып, ірі көлемдегі деректер қорын және осы саладағы жаңа дағдыларды ұсынуға қабілетті. Сондықтан, Қазақстанмен ынтымақтастық орнатудың маңызы ерек.    

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?