Биыл Қазақстанда 24 орман шаруашылығында өртті ерте анықтайтын жүйе орнатылады

Биыл Қазақстанда 24 орман шаруашылығында өртті ерте анықтайтын жүйе орнатылады

Қазақстанда орман өртін ерте анықтайтын заманауи жүйе ендірілуде. «Семей орманы» табиғи резерватында 656 мың гектар аумақ тәулік бойы бақыланады. Ол үшін 37 арнайы бейнебақылау камерасы іске қосылған. Қондырғы түтін мен өрт белгілерін автоматты түрде байқап, дереу орталыққа хабар береді. Мамандардың айтуынша, камералар жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді және 25-30 шақырым радиустағы өзгерістерді анықтайды. Жалпы, аталған жобаға 37 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда камералар сынақ режимінде жұмыс істеуде. Жүйе толық іске қосылған соң, орман өрттерінің алдын алуда маңызды рөл атқарады деп күтілуде. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі: 

- Биылдың өзінде 24 орман шаруашылықтарына қоямыз. Семейден бастадық, бес орман шаруашылығында. Ақмола облысының, одан тыс Қостанай облысында Наурызым қорығы мен Астананың маңайындағы  жасанды орман жасыл белдеуінде 102 мың гектар жерді қамтитын жүйені орнатуды бастадық. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?