Ақмола облысында әскери-тарихи мұражай филиалы ашылды

Ақмола облысында әскери-тарихи мұражай филиалы ашылды

Ақмола облысында әскери тарих мұражайы ашылды. Жаңа филиал Родина ауылында жұмыс істейді, онда бір алаңда шамамен 100-ден астам экспонат пен 16 әскери техника көрмесі ұсынылған. Олардың ішінде әскери танк, артиллериялық, авиациялық атыс қару-жарағының үлгілері бар. Мұнда сондай-ақ ақмолалық батырлардың ерлігі туралы мұрағат материалдары мен жауынгерлік тулардың түпнұсқалары қойылған. Жаңа мұражай кешенінің басты мақсаты – жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және тарихи жадыны сақтау.

Дәурен Қосанов, ҚР Қорғаныс министрі:

– Бұл тарихқа тағзым ету ғана емес, бұл қоғамнын рухани өзегін нығайтуға қосылған қомақты үлес. Мұражай – тарихи тұрғыдан рухани жаңғыру орталығы. Мұражай залдарында қазақ халқының фашизмге қарсы күреске жан-қиырлық ерлік көркеткен батыр ұлдарының ерліктері айқаын көрініс.

Вера Головко, Родина ауылы тұрғыны:

- Біз мұражайға қуана-қуана барамыз. Өте ұнады. Балаларымды осы жерге алып келемін, олар да келіп бәрін өз көзімен көреді, қазірден-ақ оларған жаңа мұражай туралы мақтанышпен айтып бердім. Олардың осының бәрін көргені өздерінің танымын дамытуы үшін қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?