Астанада ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетінің сессиясы өтті

Астанада ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетінің сессиясы өтті

Астанада Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесін нығайту қамындағы аса өзекті мәселелері қаралды. Орталық Азия өңірінде алғаш рет ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің сессиясы өтті. Жиында әлемнің 50-ден астам елінің сала мамандары мен сарапшылары бас қосты. Отырысқа қатысушылар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, дәрі-дәрмектерге тәуелділік пен Ковид пандемиясының салдарымен күрес және алдын алу сынды жаһандық маңызы бар мәселелердің түйінін тарқату жолдарын қарастырды.

Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы:
-
Ендігі мәселе – ол мигранттардың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарын бекіту. Өйткені әлем бойынша мигранттардың 36% Еуропалық аймаққа тиесілі. Сондықтан олардың денсаулығын жақсарту үшін бірлескен шараларды қолға алу керекпіз.