Қазақстан мен Тәжікстан серіктестік деңгеін көтереді

Қазақстан мен Тәжікстан серіктестік деңгеін көтереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді. Эмомали Рахмон Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Тараптар қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен әлеуетін талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті. Әңгімелесу барысында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?