Қазақстанда БҰҰ
Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін әскери бақылаушыларға арналған тәжірибелік оқу курсы басталды. Пилоттық курс Қорғаныс
министрлігінің Алматы облысындағы бітімгершілік операциялар орталығында өтуде.
Бұған дейін қазақстандық әскери қызметкерлерді бақылаушылар ретінде осындай операцияларға
қатысу үшін тек өзге мемлекетте шетелдік
мамандар дайындап келген. Оқыту
бағдарламасын түрлі елдерде ұйымның бітімгершілік миссияларына қатысқан
тәжірибелі мамандар әзірлеген.
Рүстем
Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар
орталығының басшысы:
-Миссияларға
әскери бақылаушыларды жіберудің өзектілігіне байланысты өзіміздің курстарымызды
ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Бұл бағдарламалар БҰҰ-ның барлық оқыту
талаптары мен құжаттарына сәйкес ұйымдастырылды. Әзірге ол пилоттық курст
ретінде өтіп жатыр. Келесі жылы бітімгершілік операциялар орталығында оны ресми
түрде сертификаттауды жоспарлап отырмыз.
Кепілге алу, жауап алу, босату. Әскери бақылаушылар стресске төзімділік пен осындай жағдайларда жылдам әрі дұрыс әрекет ете білуі керек. Ал ең бастысы эмоционалды тұрақтылық. Алдағы уақытта курс сертификаттаудан өтсе, Алматыдағы бітімгершілік операциялар орталығында Қазақстанның ғана емес, басқа елдердің, соның ішінде Орталық Азияның әскери қызметкерлері де оқытылатын болады. Еске салайық, бұған дейін отандық әскери қызметкерлер БҰҰ-ның Непал, Батыс Сахара, Ливан, Орталық Африка және Мали Республикаларындағы миссияларына қатысты.