Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Өткен жылы компания тобы тарапынан 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілген. Оның 4 трлн теңгеден астамы бизнеске, 2 трлн теңгеге жуығы тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған. Президентке шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы саласында жобалар жүзеге асырылатыны айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?