Жасанды интеллект, Smart City және цифрлық технологиялар
негізіндегі шешімдер. Astana Innovations Accelerator бағдарламасына осы
бағыттарда ұсынылған 350 өтінімнің ішінен 29 жоба іріктелді. Alem.AI
орталығында өткен бағдарламаның Opening Day іс-шарасында қала өмірін оңтайландыруға
бағытталған үздік стартаптар таныстырылды. Бүгінде акселерятор - жасанды
интеллектіні қалалық ортаға кіріктіру алаңына айналған.
Айбек Ахметбеков, «Astana Smart City» жобасының басқарушы
директоры:
- Астана Хабпен бірлесіп бағдарламаның үшінші легін
өткізіп жатырмыз. Өткен жылдардағы акселеряторлардың нәтижесін көріп отырмыз. Олар
сынақ режимінде де, толыққанды жүйе ретінде де қолданысқа енгізіліп келеді. Мысалы,
көшедегі жарық беру бағаналарын ақылды басқаруға бағытталған жоба қолға алынып,
белгіленген аудан әкімдігі қажетті жұмысты атқарысты, қазір жобаның алғашқы
нәжитесін көріп отырмыз, тұтас ауданның электр үнемдеу көлемі артқан.
Opening Day Қазақстанның инновациялық экожүйесі өкілдерін
бір алаңға жиды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі стартаптарды
халықаралық деңгейге шығаруға қолдау танытатынын жеткізді. Ал, Астана қаласы
әкімдігі жаңа бағдарламалар мен қолданыстағы «ақылды қала» технологияларын бір
алаңға жиятын «Astana.kz» порталын іске қосты.
Әлішер Батырбеков, Астана Innovations стратегиялық даму және инновациялар департаментінің директоры:
- Коммуналдық төлемдер жасау, жеке есепшоттарды бақылау,
балаңызды мектепке тіркеу тәрізді бұрын түрлі ақпараттық жүйелердегі бытыраңқы қызметтердің
бәрі «Astana.kz» бірыңғай порталында қолжетімді болады. Сондай-ақ, портал
көптілді, елорда қонақтарына қала туралы ақпарат алуға, мұндағы саябақтар, өтіп
жатқан іс-шаралар туралы нұсқаулықтармен танысуға мүмкіндік береді.

