Түрікменстан алғашқы құрғақ кемесін суға түсірді

Түрікменстан алғашқы құрғақ кемесін суға түсірді

Түрікменстанның көлік саласы үшін маңызды оқиға. Республиканың теңіз портында жаңа құрғақ жүк кемесі суға түсірілді. Ол кореялық серіктестермен бірге жергілікті зауытта халықаралық стандарттарға сәйкес құрастырылған. Су нысаны 240 жиырма футтық контейнерлерді тасымалдауға қабілетті. Жыл соңына дейін дәл осындай тағы бір кемені пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұндай заманауи жүк кемелері Каспий маңы мемлекеттері арасында тұрақты қатынасты қамтамасыз етіп, өңірдегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді, дейді сарапшылар.


Байрамберды Абдугапуров, «Балқан» кеме жасау зауытының инженері:


- Кеме теңiзде де, өзендерде де бірдей  жүру үшiн арнайы жобаланған. Бұл су нысаны жүктер мен контейнерлерді көрші елдерге - Иран, Әзірбайжанға, Қазақстан мен Ресейге тасымалдауға арналған. Ол 6100 тоннаға дейін жүк тиеуге қауқарлы. Оның халықаралық стандарттарға толық сәйкестігі барынша тиімді логистиканы қамтамасыз етеді.  


Бердымаммет Аширов, Порттық қадағалау қызметінің инспекторы:

- Түрікменбашы халықаралық теңіз портының орналасуы Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни бұл кемені іске қосу өзіміздің ішкі тасымалдарды оңтайландырып қана қоймай, халықаралық әріптестерге сенімді және жоғары технологиялық логистикалық шешімдерді ұсынуға тың серпін бермек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?