Қазақстандық командалар ғарыш түсірілімдерін талдауға арналған АІ-әзірлемелерді ұсынды

Қазақстандық командалар ғарыш түсірілімдерін талдауға арналған АІ-әзірлемелерді ұсынды

Жасанды интеллект технологиялары ғарыш түсірілімдерін өңдеу және жерді қашықтан сандық үлгіде талдау үшін белсенді түрде қолданылуда. Назарбаев Университетінде NURIS Hardware Challenge 6.0 байқауының ақтық сыны өтті. Онда ғимараттар, жолдар, су қоймалары мен жасыл аймақтарды жерсеріктік суреттерден автоматты түрде тануға арналған AI-әзірлемелер ұсынылды. Осы бағытта еліміздің әр өңірінен келген командалар өз жобаларын таныстырды. Жалпы барлығы 35 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 6 үздік бастама іріктеліп, финалға шықты. Қатысушылар цифрлық карталар мен геопорталдар жасаумен айналысатын отандық компанияның сұранысы бойынша шешімдер әзірледі. Ұйымдастырушылар мұндай заманауи технологиялар қалалық жоспарлауда, инженерлік желілер мониторингінде, төтенше жағдайлардың алдын алуда пайдаланылуы мүмкін десеседі. Яғни, үздік жобалар коммерцияландырып, кең өндіріс жолына шығуға мүмкіндік алады.


Абзал Дәрібаев, Astana Business Campus инновациялар жөніндегі басқарушы директоры:

- Байқау қорытындысы бойынша Kazaerospace - индустриялық серіктесіміз ұсынылған жобалардың ішінен ең үздігін таңдап, озық шешімді өз өндірісіне енгізуге ниетті. Жоба жасанды интеллект негізіндегі ғарыш түсірілімдерін терең талдау үшін аталған компания жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге бағытталуы тиіс. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?