Астанаға Silk Way Star азиялық вокалдық байқауының
алғашқы қатысушысы - танымал қытай музыканты Чжан Хэ Сюань келді. Аспан асты
елінен келген әртіс отанында өз композициялары және ұлттық әндерді орындауымен
танымал. Елордада қытайлық күміс көмей қазақ әнін де нақышына келтіріп
шырқамақшы. Айта кетейік, Silk Way Star - бірінші азиялық вокалдық байқау. Ән
бәйгесінде 12 елдің өкілдері бас жүлдені сарапқа салады. «Silk Way Star»
түсірілімі сәрсенбі күні басталады.
Чжан Хэ Сюань, «Silk Way Star» қатысушысы /Қытай/:
- Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Астананың
көрікті жерлерімен және жергілікті әсем табиғатпен танысу үшін уақыт табылады
деп сенемін. Өзім үшін бұл байқау - тек бәсекелестік қана емес, төл қытай
мәдениетін жұртшылыққа таныстыру мүмкіндігі. Мен әнді қазақ тілінде орындаймын,
қазақстандық көрермендердің жүрегін жаулап алғым келеді.

