Қазақстанда «Болашақ ойындары» турнирі ұйымдастырылады

Қазақстанда «Болашақ ойындары» турнирі ұйымдастырылады

Қазақстан 2026 жылдың жазында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізуге дайындалуда. Ойын өткізу мәселелерін Премьер-министр Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы Рене Фазельмен және ұйымның бас директоры Нис Хаттпен талқылады. Онда фиджитал-спортты физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін перспективалық бағыт ретінде дамытуға назар аударылды. Жоғары технологиялық халықаралық іс шараны Астанада ұйымдастыру жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек. Айта кетейік, «Болашақ ойындарына» 100-ден астам мемлекеттен 1500-ден артық спортшы 13 дисциплина бойынша қатыспақ. Турнирдің жүлде қоры 10 млн долларды құрайды. «Болашақ ойындарының» ашылу және жабылу рәсімдері әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін ауқымды шоу болады деп күтілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?