Ертең, 10 тамыз Қазақстанда Абай күні тойланады. Ұлы ойшыл, ағартушының биыл 179 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Мереке қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі кітап көрмесі, байқаулар, викториналар, семинарлар, тренингтер өткізіліп жатыр. Ал, әрине, атаулы күн Абайдың туған жерінде кеңінен атап өтіледі.
Қуат Киікбай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей аға ғылыми қызметкері:
– Бізде 100 мыңнан артық шет елден және осы өзіміздің елден көптеп туристер тануыға арнайы келеді. Және бізде осы экскурсия барысында біздің аңғаратынымыз көптеп қойлатын сұрақтар ол Абайдың шығармашылығы, Абайдың қара сөздеріне қатысты пікірлер, сонымен бірге Абайдың жеке басына қатысты, туыс-туғандарына, баларына қатысты қызықты сұрақтар қойлады.