Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтіп жатыр

Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтіп жатыр

Елордада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтіп жатыр. Шара аясында бауырлас елдің рухани және мәдени құндылықтарын паш ететін бірнеше айтулы шаралар ұйымдастырылуда. Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда бауырлас Түрікмен халқының қолданбалы өнер көрмесі өтті. Артынша, Түрікменстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл шығармашылық кеште көршілес елдің халық әндері мен билері, жыр-дастандары орындалды. Бұдан бөлек келушілердің назарына көркем фильм мен қойылымдар ұсынылмақ. Сондай ақ екі елдің өнерпаздары бірлесе концерт өткізеді. 

Жалпы, Түрікменстандық өнерпаздар өздерінің Қазақстанға келіп, өнер көрсетуі зор мәртебе екенін айтып, екі елдің достық-бауырлық қатынастарын нығайтуға үлес қосу үшін қуана келгендерін айтуда. 

Айта кетейік, Қазақстандағы Түрікменстанның мәдениет күндері 27 маусымға дейін жалғасады. 

Байрамсолтан Гурбанова, ақын:

– Қазақ халқы байырғы заманнан бері біздің көршіміз. Каспий теңізін бірге жағалап отырмыз. Біздің көршілігіміз ағайындыққа ұласты. Екі халық бір-бірін бауырым деп санады.