Астана саммиті әлем тарихына жазылды

Астана саммиті әлем тарихына жазылды

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана 2024 саммиті. Бұл жиын халықаралық беделі зор ұйымның толық ондық құрамымен тарихта қалады.  Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған өзекті мәселелерді талқылау үшін елордаға 16 елдің мемлекет және үкімет басшылары, бірқатар халықаралық ұйымдары арнайы ат басын бұрды. Келелі кеңесте сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ бүгінде жаһан жұртының назарын өзіне аударған ықпалды ортаға әрі халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналғанын айтты. 

ШЫҰ төрағалығы барысында Қазақстан өзіне жүктелген мақсат-міндеттерді толығымен орындады. Ұйым мүшелері мен бақылаушы елдер, беделді халықаралық құрылым өкілдерінің пікірі осыған тоғысады. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев та атап айтты. Еліміздің ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өтті. Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толығып, серіктестер саны едәуір артты. 

Жиын қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданды. Сондай-ақ, ұйым жұмысын дамыту мен өзара ықпалдастықты арттыру қамында 25 құжатқа қол қойылды