Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Қазақстан Президенті Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтері мен парламенттерінің үйлесімді жұмысы айтарлықтай ықпал етіп отыр. Тараптар сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады.

Әсел Күшенғалиева