Мемлекет басшысы Сингапурда бірқатар келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Сингапурда бірқатар келіссөз жүргізді

Сингапур уақыт сынынан өткен сенімді серіктес. Екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамен кездесуде мәлімдеді.

Қазақстан екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті. Әсіресе энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, логистика және оқу-ағарту сынды салаларда серіктестіктің әлеуеті зор.

Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді. Премьер-Министр Лоуренс Вонг екі елдің экономикасы бір-бірін толықтыратынына назар аударды. Айтуынша, Сингапур АСЕАН елдерімен ықпалдастықты кеңейтуде Қазақстан үшін өзіндік хаб бола алады. Өз кезегінде Қазақстан Сингапурдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары аясында барлығы алты мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.