Астанада Ұлы даланың әуенді де әуезді сазды туындылары
мен поэзиялық сарындары әуеледі. «Наурыз думан» концертінің көрермені дәстүрлі әнге
қанықты. Астана Опера театрының Халықаралық опера академиясының күміс көмей
әншілері үздік қазақ музыкалық шығармаларын орындады. Сондай-ақ, Ресей мен
Моңғолияның әртістері де жергілікті өнер сүйер қауымға тосын сый жасады. Олар
қазақ тілінде лирикалық композицияларды нақышына келтірді.
Айсұлу Тани, Astana Opera Халықаралық
опера академиясының атқарушы директоры:
- «Наурыз думан» концерттік бағдарламасы. Ол Астана Опера халықаралық опера
академиясының солистерінің наурызға деген музыкалық сәлемі, сыйлығы десек те
болад. Бұл концерттік бағдарламағаны басты мақсаты қазақ ән өнерін Астананың тыңдармандарына ұсыну.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

