Жастар бейбіт күннің қадірін білуі керек. Бұл бағытта Ұлы Отан соғысы
ардагерлері келешек ұрпаққа ойға түйгендерімен бөліскеннен жалыққан емес. Төлеубай
Чектібаев – соғыстан кейін күйреген экономиканы жандандыруға атсалысқан
қазақстандықтардың бірі. 18 жасында әскерге аттанған жауынгер Беларусь жерінен
бастап, Венгрияға дейін майдан даласында болды. 1945 жылы Қиыр Шығыста
83-атқыштар дивизиясының құрамында Харбин қаласын азат етуге қатысты. Елге аман
оралып, түрлі салада еңбек етті. Бүгінде ғасыр жасаған қарт майдангерге
ұл-қыздарын өсіріп, немере, шөбере сүю бақыты бұйырды. Қария Отан үшін от кешіп,
бұл күнге жетпеген боздақтар мен ардагерлердің рухына тағзым ету маңызды дейді.
Осыны келеше кұрпақтың санасына сіңіруді мақсат еткен.
Төлеубай Чектыбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- Отанымыз аман болсын! Халқымыз тыныш болсын! Бұдан былай жаманшылық
болмасын. Алла рақымшылық жасасын!

