Қазақстандық спортшы Американы бағындыруды. Сергей Цырульников «America's Got Talent» беделді шоуларының біріне қатысып, келесі турға өтті. Ол өз өнерімен көрермендерді таң қалдырып, қазылар алқасының төртеуінен де «иә!» деген жауап алды. Қазақстандық балуан сахнада жалаң қолмен тақта мен табаға шегелер қағып, шынжырлар үзіп, тіпті қазылар алқасының көз алдарында майыстырып жасап берген тағаларын сыйға тартты. Айта кетейік, Сергей Цырульников - Гиннес кітабының және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені, күштік нөмірлер бойынша әлемнің төрт дүркін жеңімпазы. Ол шетелде бірнеше рет түрлі спорттық іс-шараларға қатысқан. Қазақстанның күш-қуат мәдениетін 34 елге паш еткен.
Сергей Цырульников:
– Америкаға мені 3 ай бұрын шақырды. Сонымен қатар, мен Германия, Британия, Қытай елдерінен шақырту алдым. Тіпті Жапониядағы шоуға да шақырды. Яғни көптеген шақырулар болды, бірақ мен Американы таңдадым. Қазіргі уақытта ол 120 миллионнан астам аудиториясы бар әлемдегі ең танымал шоу болып табылады. Менің негізгі міндетім сөзбен емес, еліміздің күш-қуат мәдениетін, нөмірлерін, батырларымыздың тарихын, Қажымұқан тарихын көрсету болды. Америкалық көрермендер маған, менің орындауыма таң қалды. Жылы қарсы алды, бұл шетелдіктер біздің мәдениетімізге, біздің күш-қуат мәдениетімізге, біздің батырларымыздың мұрасына қызығушылық танытатынын білдіреді.