6 маусым күні «Хабар» арнасында «Маска» шоуының финалы өтті. I орынды Арқар маскасындағы Ерден Жақсыбеков, II орынды Аққу кейпіндегі әнші AYREE иемденсе, III орынға Арыстанның маскасындағы Нұрболхан Шарапов ие болды.
Айта кетейік, «Хабар» телеарнасында көрсетіліп жатқан «Маска» шоуы – көпшіліктің арасында қызу талқыланған жобалардың бірі. Бұл – әлемнің 30-дан астам елінде жарық көрген танымал жобаның қазақстандық нұсқасы.
21 наурызда басталған шоуға 14 адам іріктелген болатын.
Ақпарат көзі: Хабар 24