Қазақстанның әсем табиғаты мен құндылықтарын насихаттайтын фильм шықты

Қазақстанның әсем табиғаты мен құндылықтарын насихаттайтын фильм шықты

Еліміздің табиғаты шетелдік туристің көзімен. Республиканың әсем жерлері мен құндылықтары насихатталатын «Janym Qazaqstan» фильмі көрерменге жол тартты. Оның желісі бойынша Түркиядан Қазақстанға еліміздің жақұт жерлерін түсіруге келген Әсие есімді қыз бен Арман деген қазақ жігітін тоғыстырған оқиға баяндалады. Комедиялық картинада керемет көріністер аясында махаббат пен достық сезімдері өрбиді. Отандық туынды Алматыда, Шарын шатқалында, Көлсайда, Алтын Емелде, Астанада, Қорғалжын ұлттық паркінде, Ақтауда және Бозжыра шатқалында түсірілген. Бас продюсері Жасұлан Сейсенханов биік таулар, шексіз дала, мөлдір көлдер, елдің мәдени әртүрлілігі шетелдік көрерменді елімізді қызықтауға шабыттандыратынына сенімді. Осының бәрін кеңге таныту үшін кино ағылшын тіліне де аударылған.

Жасұлан Сейсенханов, Фильмнің бас продюсері:

- Шет тіліне аударғаннан кейін платформалар ашамыз. Сол стриминктерге шығамыз. 17-ші қаңтарда Стамбулға барып сонда Қазақстанның студенттеріне көрсеттік ең алғаш. Енді бір аптадан кейін Хюстон деген қалада, Техаста осы фильм көрсетіледі. Жалпы Қазақстанның тағы да әдемі, сәнді жерлері бар. Бурабай, Қатонқарағай, Баянауыл, Қарқаралы дегендей. Сол жерлерде келесі жолы фильм түсіруге жоспар бар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?