Ғалымдар алғаш рет «Алтын адамның» толық геномын зерттеп шықты

Ғалымдар алғаш рет «Алтын адамның» толық геномын зерттеп шықты

Ғалымдар алғаш рет қазақстандық «Алтын адамның» толық геномын зерттеп шықты. Археологиялық олжаның темір дәуіріндегі сақ мәдениетіне жататыны бұрыннан белгілі болғанымен, оның жынысы ғылыми ортада ұзақ уақыт пікірталас тудырып келді. Ежелгі ДНҚ-ға жүргізілген талдау «Алтын адамның ер адам болғанын түпкілікті дәлелдеді. Зерттеуді АҚШ, Қазақстан, Германия, Аустралия және Оңтүстік Корея ғалымдарынан құралған халықаралық зерттеу тобы жүргізген. Мамандар біздің дәуірімізге дейінгі IX–III ғасырларда Еуразия даласында жерленген 85 адамның геномына талдау жасады. Сондай-ақ зерттеу нәтижесі «Алтын адамның» генетикалық тұрғыдан темір дәуірінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзге өкілдеріне жақын екенін көрсетті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?