Қазақстанға мемлекеттік сапармен Түрікменстан Президенті келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық әуежайында Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Түрікменстан Президенті елімізге Мемлекет басшысының шақыруымен келді. Сапар аясында Жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу жоспарланған. Елдер көшбасшылары Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту әлеуетін талқылауға ниетті.

