Қазақстан Президентінің телерадиокешені халықаралық байланыстарын кеңейтуде

Қазақстан Президентінің телерадиокешені өзінің халықаралық байланыстарын кеңейтуде. Жетекші италиялық «Agenzia Nova» ақпарат агенттігімен медиа-әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл еуропалық басылым медиа-холдингтің 19-шы әріптесі. Осы ынтымақтастық аясында италиялық әріптестер еліміздің «Қазақпарат» агенттігі Қазақстан мен Орталық Азия өңірі жайлы өзекті ақпаратты бұқпасыз беретініне сенімді.  Бұл ретте айта кетерлік жайт, отандық агенттіктің тілшілер қосыны әлемнің 11 мемлекетінде бар. Ал, қызметкерлері күніне мыңға жуық жаңалық береді. Өз кезегінде, «Agenzia Nova» халықаралық саясат пен экономика тақырыбын қозғайды. Италиялық басылым күн сайын осы бағытта 500-ге тарта тың мәлімет қамтылған ақпарат таратады.