ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен СҚО барды

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен СҚО барды

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Үкімет басшысы теріскейде ірі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Олжас Бектенов өңір орталығында жаңадан бой көтерген үйді аралады. Табиғи апаттың салдарын жоюда түсіністік танытып, көмек қолдарынан аянбаған тұрғындарға алғысын білдірді. Айта кетейік, аймақта 600 үйдің құрылысы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Жалпы шағын ауданда 700 үй мен 90 орындық балабақшаның іргесі қалануда.