Қазақстан Иран халқына қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың,
оның ішінде балалардың, жоғары басшылық өкілдерінің қаза болуына байланысты
көңіл айтты. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан
Жетібаев мәлімдеді. Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын
дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб
мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш
білдіреді. Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық
құқық нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек
саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты
ұстанымының өзгермейтінін растайды. Еліміз өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі
ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тарапты барынша ұстамдылық пен
жауапкершілік танытуға шақырады.

