Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Бауырлас елге көмек көрсету біз үшін маңызды. Қажеттілік туындап жатса, көмек көрсету – парызымыз. Көмекке дайынбыз. Ол үшін Түркия тарапынан арнайы сұраныс келіп түсуі керек. Бізде халықаралық гуманитарлық көмек көрсететін қор бар.
Еске салайық, қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету қамында Түркияға аттанды. Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағы, медицина мамандары және қызметтік иттер бар. Бұған дейін хабарланғандай, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі болды. Режеп Тайып Ердоған елде жалпыұлттық аза тұту жариялады.