Жеңіс Ермұқанов, тілші:
- Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой балуан, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, 54 елде белдесіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқан Мұңайтпасұлына – 150 жыл. Қазақ күресі атасының құрметіне ел көлемінде түрлі ұлықтау шаралары өтіп жатыр.
Бұл көзі тірісінде аңыз адамға айналған Қажымұқан Мұңайтпасовтың жолын қуған егеменді елдің жастары. Бүгінгі ұрпақ батыр аталарындай жер жаһанды боз кілем үстіндегі сапалы күресімен бағындырып жүр. Олардың қатарында қара көз нәзік жандыларымыз да бар. Асылай Ташменованың ер мінездік танытып, балуандармен иық тірестіріп жүргеніне 6 жыл болыпты.
АСЫЛАЙ ТАШМЕТОВА, ДЗЮДОДАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:
- Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында чемпионаттың жеңімпазымын. Қажұмықан Мұңайтпасов атындағы интернат-колледжінің бірінші курс студентімін. Алда келетін жарыстарды айтып кетсем. Жастар арасында чемпионат бар, әрине одан бірінші орын алу мақсат. Одан өтіп Азия, әлем, олимпиада да күресу арқылы Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың жолын қуу.
Жауырыны жерге тимеген қазақ палуаны орасан зор күшімен де дүниежүзін тәнті еті. Цирк өнерін қатар алып жүрді. Темірді жіптей иіріп, жалаң қолмен шеге қаға алатын бүгінгі білекті жастар бабаларының жетістіктерін қайталап бағуда.
ТИМУР СЫПАТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ 5 ДҮРКІН РЕКОРДСМЕНІ:
- Былтыр мен арнайы шет мемлекеттерге барып, Қажымұқан атамыз болған, Франция, Германия, Түменге, Қоқанға барған кезде арнайы Қажымұқан деп өнерімізбен шықтық. Ол жерге ол күрескер болып, жай ғана тас көтеру үшін ғана барған жоқ. Ұлттың мүддесі үшін, қазіргі тәуелсіздігіміз үшін ел, жер, халық үшін, біздің қазақ еліміздің көк байрағын асқақтап желбірету үшін мемлекеттерді аралаған.
Елімізде биыл алып күш иесінің құрметіне түрлі іс-шаралар ұйымдастыру көзделген. Мерейтой иесін ұлықтау үшін, әрине ең алдымен палуандар өзара мықтыны анықтайтын боз кілем үстіндегі жарыстарға түседі.
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
- Кешенді жоспарымыз бар республикалық деңгейде. Әрине, ең алдымен дәстүрлі біздің қазақ күресі, жалпы күрестің әр түрінен және өзге де спорт түрлерінен республикалық, халықаралық іс-шараларға қатысатын жастарымызды дайындап жатырмыз.
Сегіз қырлы, бір сырлы Қажымұқан Мұңайтпасов ұлттық өнерден де құралаған болмағаны белгілі. Күш атасы домбыраның құлағында ойнап, халық әндерін шырқауды ұнатқан. Сондықтан да спорттық додалармен қатар, оның өнерін танытатын мәдени шаралар өткізу жоспарда бар.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов