Францияда «Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды» көрмесі өтеді

Францияда «Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды» көрмесі өтеді

Францияда «Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды» көрмесі өтеді. Еуропаға бұрын шетелдік көрерменге ұсынылмаған көне тарихи және бірегей мәдени мұра жәдігерлері жеткізіледі. Ұлттық экспозиция Гиме атындағы шығыс өнері мұражайының төрінен орын тебеді. Кәрі құрлықта қанат жаятын қазақстандық көрмені өткізуге қатысты алдын ала уағдаластыққа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Францияда Гиме мұражайының президенті Янник Линцпен кездесуінде қол жеткізілді. Бұл ретте әйгілі Гиме мұражайында Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропадағы ең үлкен коллекциясы бар екенін айта кеткен жөн.  

Янник Линтц, Гиме музейінің президенті:
-
Еуропада, әсіресе Францияда Ұлы Жібек жолының бір бөлігі болған дүниежүзі аймағының маңызын қазір көп адамдар жақсы түсінеді. Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстік арасында мәдениеттердің қалай болғанын да біз білеміз Қазіргі әлемде мәдениеттер тоғысқан өңірді көпшілікке көрсете білу өте маңызды. Біздің қорымызда Қазақстаннан алынған бірнеше жәдігер бар. Алайда жұртшылықтың қызығушылығын ескеріп, біздің музей қазақ мәдениеті мен тарихын сипаттайтын маңызды жәдігерлерді көбірек ұсынғысы келетінін жеткізгім келеді.