Қазақстанда «АІ – Агроном» қосымшасы іске қосылды

Қазақстанда «АІ – Агроном» қосымшасы іске қосылды

Қазақстанда «АІ-Агроном» қосымшаны іске қосылды. Оны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ерболат Аспысбаев жасап шығарған. Жүйе «ChatGPT»-ге ұқсайды. Жасанды интеллект ашық дереккөздердегі мәліметтерді өңдеп, дәннің сапасын, астық шығымын, өсімдік індетін, тіпті ауа-райына болжам жасап, кез-келген ақпаратты бере алады. Бұл цифрлық платформада еңбек биржасы да бар.  Әрі өз алдына бөлек сауда алаңы сияқты. Бұл электронды алаңда агроөдірістік кешен өнімдері мен салаға қажетті техника, құрал-жабдықтарды делдалсыз сатып алуға болады. Ерболат Алпысбаев алдағы уақытта бұл ақылды жүйесін кеңейтіп, мемлекеттік қызметтерді қосуды көздейді. Әзірге елімізде мұндай платформаның баламасы жоқ.

Ерболат Алпысбаев, жоба авторы:

- Тек Қазақстан ғана емес, ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған ТМД елдерінің азаматтары осы қосымшаны пайдаланса деймін. Президент әркез цифрландырумен жасанды интеллектті енгізу арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту керектігін баса айтып жүр. Сондықтын бұл  платформа  біздің мемлекет үшін аса қажет деп оймаймын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?