Концерт «Астана Опера» театрының сахнасында «Опералия» халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылды. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, кеште көрермендер назарына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» әні мен Абайдың «Қай талқы» ариясы ұсынылды. Сонымен қатар Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Башқұртстанның артистері де өз өнерлерімен көрермендерді қуантты.