Әлемдік блокбастердің қазақша көрсетілімі рекордтық қаралым жинады

Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толығуда. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасына Sony Pictures компаниясы қосылды. Бұл жолы компания «Веном. Соңғы би» (Venom: The Last Dance) фантастикалық экшн туындысын «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен өз қаражатына аударып, дубляждады.

Веном: Соңғы би | соңғы трейлер

Әйгілі трилогияның қорытынды бөлімінің қазақша нұсқасы көрермен көңілінен шығып жатыр. Бұған фильмнің 1 аптада 18 млн теңгеден астам касса жинағаны дәлел. Айта кетейік, биылғы әлемдік премьералардың қазақ тіліндегі аудармасы бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақша кино көруге ықыласты көрерменнің қатары артқан. Алдағы уақытта да танымал туындыларды қазақ тіліне аудару дәстүрі жалғаса береді.

Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:

- «Ойжұмбақ» деп аталатын балаларға арналған Ріхar фильмі өте жақсы қаралым жинады. Осы уақытқа дейінгі болған қазақ тіліндегі дубляждалған фильмдердің ішінде рекорд жасады. Қазіргі шығып жатқан фильм өзінше ерекше. Бұл енді таза балаларға арналған фильм деуге болмайды. Блокбастер. Негізінен ересек көрерменге арналған.

Авторы: Әсел Күшенғалиева