Қазақстанның Маңғыстау өңірі халықаралық киножобаның алаңына айналды. Бозжыра тау шатқалында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды. Бұл отандық киноиндустрия үшін аса маңызды оқиға саналады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның бірегей табиғи және тарихи нысандарының халықаралық кинода көрсетілуі әлем бойынша миллиондаған көрерменнің назарын аударып, елде креативті индустрияның, туризмнің және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, Қазақстанның жаһандық имиджін нығайтады. Бұл ретте фильмнің режиссері - қазақстандық Роберт Кун екенін айта кеткен жөн.Түсірілім биыл аяқталады, ал келесі жылы халықаралық прокатқа шығады деп жоспарланған. #Бозжыра #Маңғыстау #Доспехи Бога Веб-редактор: Нұрбек Балгүл Қайрошқызы 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қаллеки театрының симфониялық оркестрі халықаралық байқаудың Гран-при иегері атанды Орталық Азия ғалымдары Ислам өркениетінің дамуын бірігіп зерттейді Астана Операда «Алты би» балетінің премьерасы өтеді EXPO-2025 көрмесінде Түрікменстанның ұлттық павильонына келушілер қатары артты Шымкенттің опера және балет театры гастрольмен елордаға келді Астанада Қырғызстанның мәдени күндері аясында көрме ашылды