Тарихи айтыс. Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақ пен қырғыз халықаралық айтысы
ұйымдастырылды. Оған қос елден 8 ақын қатысты. Осылайша түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы - айтыс өнері жаһандық сахнаға көтеріледі. Ақындардың сөз
тартысы айтыстың ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуіне 10 жыл
толуына орайластырылды. Қазақ-қырғыз номинациясы 2015 жылы бекітілген. Парижде
өткен айтыс жырақта өмір сүріп жатқан отандастарымызға суырып салма ақындық
өнерді паш етті. Ұлттық сөз өнерін дәріптеп, ұлт рухын әлемдік қауымдастыққа
танытты. Ұйымдастырушылар мұнымен қоса шара бауырлас ел - Қазақстан мен Қырғызстанның рухини бірлігін Еуропа
төрінде көрсетті деп отыр.
Асқар Әбдірахманов, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:
- «Айтысқа келген Еуропада тұрып жатқан отандастарымыз,
қырғыз бауырларымыз бас қосып, керемет өткен айтыстан өте жақсы әсер, рухани
азық алды. Қатысқан айтыскер ақындарға, көрерменге шынайы алғысымызды
білдіреміз».

