Астанада ұлттық ойындар сайысы өтті

Астанада ұлттық ойындар сайысы өтті

Наурызнама онкүндігі аясында Елордада ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті. Қазақ халқы үшін жылқы – әрі көлік, әрі өмірлік серік, сол себепті ұлттық ат спортының түрлері көп. Бүгінде ел тұрғындарының қыз қуу, теңге ілу, көкпар ойындарына қызығушылығы артып, спортшылар қатары көбейіп келеді. Олардың арасында ат құлағында ойнайтын қыздар да аз емес. Солардың бірі - Гүлбану Муминқұлова. Ол ұлттық спортқа бет бұрғалы 4 жылдан асыпты.

Гүлбану Муминқұлова, Спортшы:

- Рух, адреналин, ұлттық спортымыз ғой, бұрынғы ата-бабаларымыздың рухы өзіміздің қанда бар шығар. Өте жақсы сезім болады. Атта отырған адам ғана түсінетін шығар ол сезімді. Өте күшті шабыт аласың.

Әділ Төкенов, Ұйымдастырушы:

- Атқа мінген адамның ағзасына тиетін пайдасын айтатын болсақ, 48 буыны жұмыс істейді дейді. Бойында бір ерекше рух пайда болады, жігер пайда болады. Мысалы, салыстырмалы аналогияны алсақ, ел тізгінін ұстаған деп айтады, неге салыстырады. Мысалы кез келген табиғаттың құбылыстары, ат құлағы көрінбейтін боран деген сияқты. Біздің жалпы өміріміз осы жылқы жануарымен тікелей байланысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?