Алматы облысындағы Арқарлы петроглифтерінің нақты аумағы анықталып, онда мәрмәртастан белгі орнатылды. Қазіргі таңда 3 мың жылдық тарихы бар таңбаларды құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазан айында толығымен аяқталғаннан кейін мемлекеттің қорғауына алынған ашық аспан астындағы археологиялық паркке айналады.
Мәрлен Көлбаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
- Барлық петроглифтердің паспорттары жасалғаннан кейін осы жерде орналасқан жерінің арнайы сызбасы JPS арқылы жүргізіледі және сол сызбалары Кербұлақ аудандық жер қатынастары бөлімінің базасына енгізіледі. Осы жұмыстардың бәрі біткеннен кейін Талдықорған қаласында республика деңгейіндегі конференция өткізіліп, сол жерде археолог ғалымдар анықталған, табылған жұмыстар бойынша баяндама жасайды.
Жетісу жерінде әлі толық зерттелмеген екі тарихи орын бар. Олардың бірі – Талдықорған қаласының іргесінде, ал екіншісі – Көксу өзенінің жағалауында орналасқан.