Қазақстандық акробаттар Гиннестің рекордтар кітабына енді. Алматы циркінің
әртістері Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миландағы Lo Show Dei Record халықаралық шоуында әлемдік көрсеткішке қол жеткізді. Акробаттардың
бірі екіншісін маңдайымен көтеріп екі баспалдаққа мініп түскен. Олар трюкті
36,66 секундта орындаған. Бұл жетістік көрермендерді ғана емес, халықаралық
қазылар алқасын да таң қалдырды. Осыған дейін отандық дуэт America’s
Got Talent, Britain’s Got Talent, China’s Got Talent және тағы басқа халықаралық байқауларда да өздерін танытып, жеңімпаздар
қатарынан көрінген.
Батыр
Жанұзак, Алматы циркінің әртісі:
- Біз дегенімізге жеттік. Бұл Марлен, Зарина және тағы басқалардың командалық
жұмысының нәтижесі. Ұйымшылдық пен бірлік болмағанда мұндай асуды бағындырмас
едік. Барлығыңызға көп рахмет!

