Бурабайда
елімізде баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды. Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің
хабарлауынша, күніне 500-ге дейін демалушыны
қабылдай алатын бұл замануи кешен - Қазақстандағы ең жоғары технологиялық
интерактивті мұражайлардың біріне айналады. Сонымен қатар, жаңа анимациялық
және аудиовизуалды технологиялардың арқасында әрбір келуші еліміздің тарихымен
тереңірек танысып, қазақ мәдениетінің атмосферасына ене алады. «Бурабай» ұлттық
паркінің ең көрікті орнындағы мультимедиалық кешен 9 залға
бөлінген. «Ұлы дала мұрасы» композициясында «Астана балет» әртістерінің биі
голограмма көмегімен ұсынылған және «Хассак» фольклор-этнографиялық ансамблінің
әуендері қойылған. «Қазақстанға саяхат» бөлімі еліміздің туристік орындарының байлығы мен
сұлулығын көрсетсе, «Куб 360» залы — көрермендерге өзін фильмнің бір бөлшегі
сезінуге мүмкіндік береді.
Аталған формат перифериялық көруді қолдану арқылы жаңа сезімдер тудырады
және барлық көрініс бөлігін көруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұл – бес
проектор мен екі бүйірлік экран 270 градустық панорамалық кескін жасайтын бірегей
технологиясы бар Қазақстандағы жалғыз зал.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкiмi:
- Көкше жері тек ғана
өзінің кербез сұлулығымен емес, өзінің бай, көне тарихы, үлкен
дәстүрі бар батырлардың, ақындардың мекені. Сондықтан, ең бастысы, біздің
мәдениетімізді, дәстүрімізді осы жаққа келіп жатқан қонақтарға айтамыз,
шетелден келіп жатқан туристерге осыны көрсетіп, түсіндіреміз.