Қ.Тоқаев Халықаралық және Азия ауыр атлетика федерацияларының басшыларымен кездесті

Қ.Тоқаев Халықаралық және Азия ауыр атлетика федерацияларының басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде спорттың осы түрімен 20 мыңнан астам отандасымыз жүйелі түрде айналысатынын атап өтті. Оны ілгерілету үшін федерациялармен нәтижелі әрі тығыз қарым-қатынасты жандандыру маңызды. Өз кезегінде сұқбаттастар қазақстандық ауыр атлетика мектебінің жоғары деңгейде екенін айтып, Астана, Алматы қалаларында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жасалғанына тоқталды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиаданың лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр атлетиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?