Домбыра - қазақтың асыл қазынасы

Домбыра - қазақтың асыл қазынасы

Тарихымызды қос ішегіне сыйдырған домбыраны киелі санап, қастерлеп, төрге іліп қоятын қазақ халқы бұл аспаппен әуелетіп ән де, күмбірлетіп күй де шырқаған. Бүгінде ұлттық аспабымыздың үні әлемдік сахналарда естіліп жүр. Домбырамен өнер көрсетіп талай әнші, ақындарымыз халықтың қошеметіне бөленген. Байқауларда бас жүлдені қолдан бермейтін өнерпаздардың ұстазы Кемеңгер Кенжешев бірінші кезекті аспаптың сапалы болуы маңызды дейді.


Кемеңгер Кенжешев, домбыра үйірмесінің жетекшісі:


- Домбыраны таңдаудың тәсілі көп. Ең бастысы негізі домбыраны таңдаған кезде дыбысына қарау керек. Ойнаған кезде созылуы, үні өшіп қалмау керек, жалғаса беру керек.


Аспапты таңдаудың тағы бір жолы домбыраны тани білетін адамның кеңесіне жүгініп, болмаса шебердің қолынан алған дұрыс. Себебі, домбыра сәндік бұйым емес. Онда мінез бар, сөйлейді, жаныңды түсінеді.


Нұржан Ділманов, домбыра шебері:


- Қазір үйреніп келе жатқан балаларға сападағы домбыра болса екен дейміз. Әр қазақтың үйінде домбыра тұрғаны дұрыс қой негізінде

Домбыра ұлтпен бірге жасап келе жатқан киелі аспап, қазақ жанының барометрі. Елдің басты брендтерінің бірі. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?