Алматыда қазақстандық
жауынгерлердің соғыс жылдарындағы ерліктерін баяндайтын бірқатар жаңа туынды түсіріледі.
«Қазақфильм» киностудиясы осы бағытта бірнеше жоба әзірледі. Бастамалары қолдау
тапса, есімдері аңызға айналған Рахымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова және басқа
да қазақ батырлары туралы толық метражды көркем фильмдер көрермендерге жол тартады.
Отандық киноөндіріс өкілдері майдангерлерімізге қатысты тың деректер көп деп
отыр. Олар жаңа туындыларда көпшілікке жол таратды. Осылайша, шығармашылық топ
отты жылдардағы ерен ерліктері еленбей қалған жауынгерлерді ұлықтауға ниетті.
Бекболат Шекеров, «Қазақфильм»
киностудиясының бас редакторы:
- Сонымен қатар, біз белгісіз батырлар
туралы жоба дайындап жатырмыз. Онда 1944 жылы «Советтік Қарағанды» газетінде
жазылған төрт қыздың тағдыры баяндалады. Бір танк экипажында болған осы төрт жауынгердің
есімдерінен басқа ешқандай мәлімет жоқ.
Айта кетейік, соғыс жылдары
Алматы қаласы кино өндірістің орталығына айналды. Шаһарға «Мосфильм» және
«Ленфильм» көшірілді. 1941 жылдың қыркүйегінде жаңадан біріккен киностудия
орталығы құрылды. Ол соғыс басталғаннан аяқталғанға дейін белсенді жұмыс істеді.
Онда жауынгерлердің ұрыс даласындағы ерліктері таспаланды.

