Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтті

Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтті

Қазақстанда жасанды интеллекттің үздіктері анықталды. Алматыда  екінші жыл қатарынан FAIO халықаралық олимпиадасы өтті.  Биылғы іріктеуге 9 елден 400-ден астам команда қатысты, ал финалға 200 адам жолдама алды. Ақтық сында 7 елден келген 51 команда тартысқа түсті. Қатысушылар машиналық оқыту модельдерін жасап, нақты мәселелерді шешті. Әр команда өз моделін дәл және жылдам орындауға бағыттады. Олар логика, шығармашылық және командалық жұмыс бойынша бағаланды.

Әбу Қанатбек, Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы:

- Есептер әр түрлі болды. Мысалы кейбірлері текстпен, кейбіреуі фотолармен және тағы басқа есептер жасанды интеллектпен байланысты болды.

Әділхан Тоқтағанов, Әділқазы мүшесі:

- Осы жылы шынайы өмірдегі қолданыста қолданылатын есептер жасалды. Есеп құрастырушылар өте білікті осы саланың мамандары бізде. Олар әлемдік және қазақстандық мықты компанияларда істейді. Басты мақсатымыз - осы олимпиада арқылы оқушылардың арасынан қызығушылықты ояту.

Биылғы жарыстың жүлде қоры 5 млн теңге. Бірінші орынды Ресей командасы иеленді, ал Қазақстан командалары төртінші және бесінші орындарға шықты. Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?