Алматыда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен фан-кездесуі өтті

Алматыда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен фан-кездесуі өтті

Алматыда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен көптен күткен кездесу өтті. Оған 45 елден 10 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Жұлдыздың туған күніне арналған фан-кездесуде өнер сүйер қауым оны құттықтауға мүмкіндік алды.

Жиналғандар сүйікті әншісімен тілдесті. Музыкант өзінің шығармашылық жоспары туралы айтты. Қазан айында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden-де оның жеке концерті өтеді. Сондай-ақ, Димаш Қазақстан, Испания, АҚШ, Ресей, Колумбия, Чили, Түркия және басқа да елдерден келген жанкүйерлердің сауалдарына жауап берді.

Сейма Суеда, Әншінің жанкүйері:

- Маған Димаштың ерекше дауысы ғана емес, оның бірегей стилі, мәдениетке деген құрметі және түркі әлемімен байланысы қатты әсер етті. Еліммен және менімен терең байланысты сезіндім. Мен үшін оның төл мәдениетін және басқаларды да құрметтейтіні өте құнды. Біз оны қолдаймыз және өте жақсы көреміз.

Фан-кездесу қазақстандық әртістердің концертімен жалғасты. Димаштың өзі де репертуарындағы сүйікті хиттерін орындады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?