Абайдың 180
жылдығы туған жерінде тойланды. Ұлы қазақ ақынының мерейтойын тойлау бірінші
тамызда Жидебайда басталды. Ал, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының
туған күні - 10 тамыздағы мерекелік шаралар тізбегі ойшылдың балалық және
жастық шағы туралы қойылымнан басталды. Мерекенің қонақтары алыс және жақын
шетелдерден келген туристер болды. Оларды алаңдағы 200 ақ киіз үйде қарсы алды.
Кама Сивор
Каманда, Жазушы / Конго Республикасы /:
– Қазақстанға
алғаш рет келуім және осындай ауқымда шараға алғаш рет қатысу мен үшін үлкен
бақытты. Елдің әдемілігі көз тартады, адамдардың да жүзі жылы. Мен Абайдың
өлеңдерін оқып, екеуін аудардым. Әрі қарай осы өлеңдерді Абайдың мерейтойы
аясында жарық көретін антология үшін редакциялаймын.
Мереке аясында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бәйге сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Тәжірибелі шабандоздар үш айналымда жарысты. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

