«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада 9-рет «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» дәстүрлі байқауының қорытындылары жарияланды. Ұйымдастырушылар – еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі мәліметінше, 8 ел журналистері жеңімпаз атанған. Сарапшы-қазылар алқасы Италия, Испания, Жапония, Мысыр, Бразилия, Ресей, Қырғызстан және Әзербайжан медиа өкілдерінің материалдарын іріктеп алды. Биыл барлығы 30 елден 80 жұмыс конкурсқа қатысқан. «Бұл шетел баспасөзінің Қазақстанға деген қызығушылы артқанының көрсеткіші», - дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздар Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау облыстарына баруға және ондағы ерекше туристік нысандар мен тарихи-мәдени мұрамызбен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарына V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама беріледі.

Айта кетейік, биыл «Jibek Joly» Ұлттық телеарнасы конкурстың серіктесі болды.