Алматыда «Baiqonyr» Халықаралық кинофестивалі басталды

Алматыда «Baiqonyr» Халықаралық кинофестивалі басталды

Алматыда X Халықаралық «BAIQONYR» кинофестивалі басталды. Бұл шара талантты жас режиссерлерді қолдауға арналған. Биыл байқауға ұсынылған жүздеген кинотуындының ішінен үздіктер таңдалды. Бұдан басқа, дебюттік толық метражды фильм кезеңіне Ресей, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстаннан 5 картина іріктелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түрлі елдерден келген ленталар жас режиссерлердің әлеуетін көрсетіп, байқау көкжиегін кеңейтеді. Жобаның шымылдығын Қазақстан мен Францияның бірлескен өнімі Ольга Коротьконың «Шегірткелер» фильмі ашты.

Ержан Жұмабеков, BAIQONYR кинофестивалінің бағдарламалық директоры:

– Жалпы фестивальге 800-ге шақты фильм келіп түсті. Біз осы 100-ден астамын осы конкурсқа іріктедік. Осы Байқоңыр аясында ол фильмдер негізгі номинациялар бойынша ең үздік фильм, сценарий, режиссура, сонымен қатар, суретші сынды номинациялар бойынша бағаланатын болады.

Әнуар Кенжебаев, BAIQONYR кинофестивалінің президенті:

- «BAIQONYR» кино байқауының жаңа жобасы - алматылық сериалдар фестивалі басталады. Яғни, тұсаукесері. Біз оның ашылуында Әділхан Ержановтың «Қазақтың қорқынышты ертегілері» туындысын көрсетеміз. Бұл Байқоңырда өтетін өте жарқын, оқиға. Дәстүрлі ТМД елдері кино майталмандары мен киносыншыларының 4-ші алматылық форумы өтеді. Ол да бірегей оқиға. Оның әлемде баламасы жоқ.

Фестиваль аясында Critics Lab шығармашылық зертханасы ашылды. Мұнда студенттерді рецензия жазуға, кадрларды талдауға, сұхбат жүргізуге үйретеді. Байқау көрсетілімдері, дәрістер, шеберлік сабақтары жоспарланған. Айта кетейік, «BAIQONYR» кинофорумы 26 қыркүйекке дейін жалғасады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?