«Астана Опера» театрында «Риголетто» қойылымының премьерасы өтті

«Астана Опера» театрында «Риголетто» қойылымының премьерасы өтті

«Астана Опера» театрында тағы да аншлаг. Залда ине шаншар орын жоқ. Өнер сүйер қауым тағатсыздана күткен «Риголетто» қойылымы көптің көңілінен шықты Әлемге аты мәшһүр Джузеппе Вердидің махаббат және сатқындыққа негізделген драмасын маэстро Алан Бөрібаев пен француз режиссері Арно Бернар өзгеше түрлендірді. Яғни, бұл спектакьлде тағдыры қиын сайқымазақ Риголетто емес, ой-өрісі кең, білімді, жарқын болашаққа ұмтылатын Герцог оқиғалар желісінің өзегіне айналды. Әйгілі сахналық қойылым жаңа реңкке боялғанымен түпкі мән-маңызы мен мазмыны бәз-баяғы қалпында сақталған. Ол кейіпкерлердің қарама-қайшылығы арқылы адамдарға ізгілікке апарар жол сілтеу. Оркестрдің сүйемелдеуі Вердидің нәзік лирикаға толы  әуенді де әуезді музыкасын шебер жеткізе алды.

Арно Бернар, Қоюшы режиссер /Франция/:

- Джузеппе Верди операсы көрерменді ортағасырлық Италияда жүргендей әсерге бөлейді. Бұл құдды бір фильм іспетті. Мен актерлардан өз партияларын шындыққа жақын, кәсіби тұрғыдан асқан шеберлікпен орындауларын сұрадым. Костюмдерге келер болсақ, оларды жасаған кезде суретшіміз Анна Верденің кезінде жұмыстарында қараңғы түстерді пайдаланған белгілі Морониден үлгі алғанын қаладым. Яғни, бұндай образдар сол дәуірге саяхат жасауға септеседі. 

Алан Бөрібаев, Қоюшы дирижер:

- Бұл аса жоғары талғаммен, тарихи деректерге сүйеніп жасалған спектакль. Қойылым көрерменін сол кезеңге саяхат жасағандай әсерге бөлейді. Ескі картинаға жан бітірді деуге болады. Біз егерде музыканың хас жебері Верди мен сол заманның қылқалам шебері Караваджо бірлесіп жұмыс жасағандай әсер қалдыруды көздедік. Бұл ойымыз жүзеге асты деп ойлаймын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?