Алматыдағы «Инновациялық
технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жаңа өндіріс орындары пайда
болады. Келесі жылы бес жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде мегаполисте
телекоммуникациялық жабдықтар дайындалатын зауыт іске қосылмақ. Сонымен қатар иммунолюминесцентті
тест-жүйелер өндіретін кешен қолданысқа беріледі. Арнайы экономикалық аймағында
медициналық техника шығаратын кәсіпорындар да жұмыс істейді деп күтілуде. Бұдан
бөлек құрал-саймандар, аппараттар мен жабдықтар шығаратын нысан пайдалануға
берілмек. Жобаларға салынған инвестицияның жалпы көлемі 12 миллиард теңгеден
асады. Сондай-ақ, 2025 жылы 11 жарым миллиард теңгеге тағы 4 өндіріс орны
ашылады деп күтілуде. Бұл кәсіпорындарда картридждер, медициналық
құрал-жабдықтар, фармацевтикалық өнімдер шығарылады.